28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні аталып өтті

28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні аталып өтті

Аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы аудандағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, оның ішінде “Жаңа өмір” газеті редакциясының ұжымы мен ардагерлерін және аудан әкімінің баспасөз қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруда, билік пен халық арасында дәнекер болып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда БАҚ өкілдерінің рөлі жоғары.

Оның ішінде 90 жылдық тарихы бар аудандық “Жаңа өмір”газеті ұжымына ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосып жатқан үлесі зор.
Анар Садыққызы аталған ұжымның бірқатар өкілдеріне Аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Мәслихат аппаратының басшысы Серік Дүйсенбайұлы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Жуалы аудандық «Jana omir» - «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті ұжымын және аудан әкімінің баспасөз қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, Аудандық мәслихаттың алғыс хатын табыс етті.