МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан полициясы күні және 24 маусым – Судья және сот қызметкері күніне орай жиын өтті.
Аудан әкімі Жалғас Мұртаза мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Біз біліктілігіміз бен білімімізді ел игілігіне арнап осы мамандықты өзіміз таңдап халық үшін қызмет атқаруға бел буып келгенбіз.
Бүгінде осында отырған өздеріңіздің және ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген барша мемлекеттік қызметкерлердің, ауданның қоғамдық тәртібін ұдайы қырағылықпен күзетіп жүрген полиция қызметкерлерінің әрқайсының өз үлесі бар.
Осыған орай мен, Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, - деген аудан басшысы кәсіби мереке иелерінің дендеріне саулық, отбастарына амандық, қызметтеріне табыс тіледі.
Халық сеніміне ие болып, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері облыс әкімінің, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.