Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Аудан әкімі Жалғас Мұртаза медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, адам өмірін сақтау жолындағы олардың жанқияр еңбегі үлкен құрметке лайық екенін атап өтті.
Ұлт денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.
Елімізде, оның ішінде ауданымызда медициналық нысандар қатары көбейіп, техникалық базасы нығайтылып жатыр.
Былтыр 5 денсаулық сақтау нысаны соғылып, ел игілгіне берілді. Сондай-ақ орталық аурухананың қазандығына жөндеу жұмыстары жүргзіліп, тозығы жеткен жылыту магистралі толығымен ауыстырылған болатын.
Биыл аудандық орталық аурухананың зертхана ғимаратына, Қызыларық, Түктібай және Қоңыртөбе медициналық пункттарының шатыр жабындысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Келесі жылы 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана және 100 төсек-орынға арналған аудандық орталық аурухана ғимаратының құрылысының жүргізілуі жоспарланды.
Бүгінде ауданда 1 емхана, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34 мед пункт, 8 дәрігерлік амбулатория халыққа қызметкөрсетуде.
Ауданның денсаулық сақтау саласында
697 адам жұмыс істейді, оның 71-і дәрігерлер.
Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тіледі.
Аудан басшысы медицина саласында еңбек етіп, халық денсаулығын жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарына алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.