«Алтын белгі» иегерлері марапатталды

«Алтын белгі» иегерлері марапатталды

 

Аудандық мәдениет үйінде «Алтын белгі» төсбелгісінің иегелерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекеттік Әнұран мен мың бұралған биден бастау алған салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Жалғас Әлижанұлына берілді.

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза білім теңізінде үздік шығып, білімін дәлелдей білген «Алтын белгі» иегерлерінің марапаттады.

24 түлек армандаған «Алтын белгісін» кеудесіне тақты. Салтанатты жиынға балаларының қуанышын бөлісуге түлектердің ата-аналары да қатысты.

Биыл аудан бойынша 11 сыныпты аяқтаған 649 түлектің 24-і «Алтын белгі» төс белгісін, 72-сі «Үздік атестат» иегері атанды.