1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Садыққызының қатысуымен Орталық саябақта кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Садыққызының қатысуымен Орталық саябақта кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

 

Шара барысында мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, балалардың көңілін көтеріп, өнері мен дарынын дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен шығармашылық көріністер ұйымдастырылды. Кішкентай қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл күн жарқын әсерлерге толы болды.

Мерекелік шара Денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен таңғы дене шынықтыру жатығуынан басталды.Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бүлдіршіндері және жасөспірімдер белсенді қатысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырумен іс шараға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларда қатысты. Іс-шара барысында балалар би билеп, ән салып, қол күрестірді. Барлық балаларға демеушілер тарапынан әзірленген сыйлықтар мен тәтті тағамдар ұсынылды.

Бүлдіршіндерге аспан асты кітапхана іс-шарасы аясында үш торай ертегісінен қойылым көрсетілді.

«Аула клубы»-ның ұйымдастырумен «Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға сонымен қатар бала қауіпсіздігіне бағытталған Флешмоб ұйымдастырылды.

Балалар мерекесі қарсаңында орталық саябақ шын мәнінде балалық шақтың, шабыт пен қиялдың ортасына айналды.

Бүлдіршіндер шығармашылық пен жаңалыққа толы таңғажайып атмосфераға бөленді.

Мерекелік іс шара соңында аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова аудан әкімінің алғысхатымен бала тәрбиесіне үлес қосып жүрген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің марапаттады.