Меню

Страницы

Статья

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ

Жуалы ауданында ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Боралдай ауылдық округі әкімінің – Рысбек батыр, Көлтоған, Ертай ауылдарының шекараларында Боралдай сайлау округін;

2) Қарасаз ауылдық округі әкімінің – Қарасаз, Жүрімбай, Көктас, Қарасу, Ақбастау ауылдарының шекараларында Қарасаз сайлау округін;

3) Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің – Талапты, Көлбастау ауылдарының шекараларында Мыңбұлақ сайлау округін;

4) Қызыларық ауылдық округі әкімінің – Алатау ауылының, Б.Момышұлы атындағы шекара заставасының, Қызыларық, Ақтөбе, Теріс-Ащыбұлақ ауылдарының, Сұрым бекетінің, №91678 әскери бөлімінің шекараларында Қызыларық сайлау округін.

  1. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                               Н.Алтыбаева

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                               Б.Данияров

 

Б.Момышұлы ауылы,

2021 жылғы 25 маусым,

№11

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 июля 2026
28 апреля 2026
28 апреля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты