2025 жылғы 26 қазанда өткен Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда өткен Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған

депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2659 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2017 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 87 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жуалы аудандық мәслихатының депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:

№13 сайлау округі бойынша:

Айтбай Самат Нұрлыбайұлы үшін сайлаушылардың 349 дауысы берілді;

Орынбаев Жарылкасын Нурадинович үшін сайлаушылардың 247 дауысы берілді;

Тажиханов Бауржан Жарылкасынович үшін сайлаушылардың 1391 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 20.

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша  Жуалы аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды:

№13 сайлау округі бойынша – Тажиханов Бауржан Жарылкасынович, 1985 жылы туған, «Жаңа талап» шаруа қожалығының жетекшісі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бәйтерек ауылының тұрғыны.

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
28 октября 2025