2025 жылғы 26 қазанда өткен Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған
депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2659 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2017 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 87 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жуалы аудандық мәслихатының депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
№13 сайлау округі бойынша:
Айтбай Самат Нұрлыбайұлы үшін сайлаушылардың 349 дауысы берілді;
Орынбаев Жарылкасын Нурадинович үшін сайлаушылардың 247 дауысы берілді;
Тажиханов Бауржан Жарылкасынович үшін сайлаушылардың 1391 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 20.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жуалы аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды:
№13 сайлау округі бойынша – Тажиханов Бауржан Жарылкасынович, 1985 жылы туған, «Жаңа талап» шаруа қожалығының жетекшісі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бәйтерек ауылының тұрғыны.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы