№13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

 

 

№13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау
    2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудандық «Jana omir-Новая жизнь» газетінде жариялансын және Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төраға                                                               Н. Алтыбаева

 

 

Хатшы                                                               Ш. Боранбаев

 

 

Б.Момышұлы ауылы

2025 жылғы 27 тамыз

№4

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2025