2024 жылдың 11 қыркүйек күні Шақпақ ауылдық округі №4 Балалар өнер мектебінің мәжіліс залында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстардың алдын алуда "Отбасындағы зорлық пен зомбылық - қылмыс" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл облысы бойынша «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының» өкілі Байхожаев Берикбол Узакович, «Елу жылда-Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы және Жуалы ауданының әлеуметтік психологы Дарибаева Айгүл Маханбетқызы қатысты.
Тақырып аясы кеңінен ашылып қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдардын қойып белсенділік танытты.