Округ бойынша ауылішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 25,41 км - 18 көшені құрайды. Бүгінгі таңда Шақпақата ауылында ауылішілік автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл жұмыстарға "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Шақпақата ауылында 4 көше - С.Сүгіртегі, К. Кемелбеков, Желтоқсан және Ж. Оразбаев көшесінің 2 бөлігі, Т. Дүйсебайұлы ауылында 2 көше - Жамбыл және Б. Момышұлы жөнделді.