
15 наурызда Шақпақ ауылдық округіндегі №193, №194, №195 сайлау учаскелерінде республикалық референдум өтті. Бұл еліміз үшін маңызды оқиға.
Бұл күні әрқайсымыз өз азаматтық ұстанымымызды білдіріп, мемлекеттің одан әрі даму бағытын айқындауға мүмкіндік.
Референдум – ел өміріндегі маңызды сәттердің бірі.
Шақпақ ауылдық округінің тұрғындары бұл күнге белсенділік танытып, өз жауапкершілігін көрсетті. Әрбір азаматтың таңдауы – ауылымыздың, еліміздің болашағына қосқан үлесі. Бірлігіміз бен ынтымағымыз – берекелі өмірдің кепілі.
Біз бәріміз бірге – жарқын болашақ үшін!