Желтоқсан жаңғырығы
Нұрлыкент ауылдық Мәдениет үйінде «Желтоқсан жаңғырығы» атты шара өтті. Бұл жиын еліміздің тарихында маңызды орны бар желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу болды.
Іс-шараға Ломоносов атындағы орта мектептің оқушылары, сондай-ақ, М. В. Досанов, Еркінбай Болысбаевич, Нұрбек Сарбаев сынды азаматтар мен ауыл тұрғындары қатысты. Олар — 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің тікелей куәгерлері, сол тарихи сәттердің шынайы даусыз айғағы. Олардың естеліктері мен куәліктері — ұрпақтар сабақтастығының маңызды бір бөлігі, олар ел тәуелсіздігі жолында күрескен аға буынның ерлігі мен есімін бүгінгі жастарға жеткізу міндетін арқалап келеді.
Даңқ пен ерлік мәңгілік! Ұлы тәуелсіздігіміз жасасын!