Дін және жастар

Дін және жастар

Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Көлбастау ауылының мешітінде жергілікті әкімшілік пен дін бойынша ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің бірлесіп ұйымдастыруымен "Дін және жастар" тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Жиында дін бойынша ақпараттық түсіндіру тобының төрағасы Б.Буралхиев ауыл тұрғындарына қазіргі кездегі мұсылмандардың ислам жөнінде түсініктеріне тоқталып, діннің ең үлкен күші - халықты ұйымдастыру қабілеті, екенін атап өтті.