
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Мырзалиевтың Талапты ауылының тұрғындарымен есептік кездесу жиыны өтті.
✅Кездесуге аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова және ауыл тұрғындары қатысты.
✅ Ауылдық округ әкімі Ж.Мырзалиевтың баяндамасы тыңдалып, бірқатар мәселелер көтеріліп, тұрғындардың ұсыныстары бақылауға алынды.
Жиналыс қорытындысымен көтерілген сұрақтар толық қаралып, тұрғындар тарапынан ауылдық округ әкімінің есептік жиналысына қанағаттанарлық бағасы берілді