
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай құрметті Көкбастау бастау ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Ауылдық округ әкімі Мәлік Сейтаев пен округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аташбек Әміркул тыл ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, оларға арнайы төсбелгілер мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Бұл ел үшін еңбек еткен ардагерлерге деген құрмет пен тағзымның жарқын көрінісі. Олардың ерлігі мен төзімі — бүгінгі ұрпаққа үлгі, ұлттық жадыдағы мәңгілік мұра.
«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран.»