МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Қазақстандағы цифрландыру саласындағы жетістіктердің бірі — мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі. Бұл жүйе азаматтар үшін көптеген уақытты үнемдеуге және қағазбастылықты болдырмауға көмектеседі.

Қазіргі таңда, «Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсететіледі. Олар:

 1."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"

2."Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"

  1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"

4."Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"

5."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірнеше әдіс бар. Ең алдымен, мемлекеттік қызметті көрсететін мекемеге тікелей жүгіну арқылы. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме көрсетілетін қызмет бойынша толыққанды ақпарат беріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсету электрондық негізде жүргізілетін болса, сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, онлайн негізде өтініш беруге көмек көрсетіледі.

Келесі, электронды портал арқылы қызметтерді онлайн алу өте ыңғайлы және тиімді әдіс болып табылады. Азаматтар eGov.kz порталы арқылы қажетті қызметтерге өтініш бере алады. Сондай-ақ, мобильді қосымшалар да қызметтерді алу үшін ыңғайлы арналарға айналды.

Одан бөлек, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) азаматтарға дәстүрлі түрде қызмет көрсетуге арналады.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары үлкен мәнге ие. Бұл бағытта мемлекеттік органдар түрлі кездесулер, вебинарлар, түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Көкбастау ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша 2024 жылы 4 кездесу жиындары өткізіліп, 93 адам  қамтылды.  Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2024 жылдың тоқсандық және жылдық есебі округтің ресми сайтында жарияланған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар да әзірленіп, ресми сайттарда жариялануда.

Байланыс мәліметтері: Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппараты, Теріс ауылы, Тәліп көшесі №4а, телефон нөмірі: 8 (726 35) 2-90-14

Қабылдау жұмыс күндері, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.