Көру қабілеті нашар адамдарға арналған экранды оқу жүйесі

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған экранды оқу жүйесі

НВДА үшін қазақ тілінде синтезатор қосымшасын орнату

Қазақ тілінде синтезатор қосымшасын орнату бірнеше қарапайым қадамнан тұрады.

1-қадам – НВДА бағдарламасын және плагинді https://screenreader.tilqazyna.kz/ сайтынан жүктеп алыңыз.

2-қадам – Жүктелген қалтаның ішінен nvda_2023 бағдарламасын орнату.

3-қадам – НВДА бағдарламасы қосулы күйінде “kazakh_tts-1.nvda-addon” атауындағы жүктелген файлды ашыңыз.

4-қадам – НВДА сізден плагинді орнатуға рұқсат сұрайды, «ИӘ» деп басқаннан кейін, бағдарлама қайта жүктеледі.

5-қадам – Бағдарлама қайта жүктелгеннен кейін, НВДА қосымшасында «Параметрге» өтіңіз –(бұдан әрі) Речь – (бұдан әрі) Синтезатор изменить – тізімнен "Kazakh voices" таңдаңыз, содан кейін «ОК» және тағы бір рет «ОК» батырмасын басыңыз.

Бәрекелді, Сіз синтезаторды сәтті қостыңыз!

Таңдау үшін сізге 2 дауыс (еркек пен әйел) қолжетімді. Сондай-ақ, сіз дауыс параметрлерін (дыбыс деңгейі, жылдамдық, биіктік) реттей аласыз. Ол үшін “Категорий-Речь” мәзіріне өтіңіз.

Назар аударыңыз! Қазақ тілінің синтезаторын дұрыс пайдалану үшін Windows жүйесінің тілін қазақ тіліне орнату ұсынылады.

* Барлық сұрақтар бойынша келесі поштаға хабарласыңыз: info@tilqazyna.kz.