Жуалы ауданы әкімінің Қарасаз ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

Жуалы ауданы әкімінің Қарасаз ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Жалғас Мұртаза Қарасаз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынды аудан әкімі ашып, жүргізіп отырды.

Шараға аудандық мәслихат төрғасы Зиядхан Бүрлібаев, Жуалы аудандық соты Бабырхан Абуев, аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Ерлан Түменбаев, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы округтегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

- 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында округте 4 жоба іске асырылды. Олар: Қарасаз ауылындағы Жамбыл көшесі бұрылыстарымен, Абай көшесі Бірлік көшесінің жапсарлас бөліктерімен, Ы.Алтынсарин көшесі және Бірлік көшесінің 1 және 3 бұрылыстарының жолдарын орта жөндеу жұмыстары. Округ бойынша 15 көшенің 1-еуі облыстық деңгейдегі жол, 2-еуі аудандық деңгейдегі жолдар болса, 12-сі ауылішілік жолдар. Бүгінгі таңда 12 ауылішілік жолдардың 11-і асфальттанса, 1 көше Қарасаз ауылы Нұрлыжол көшесі 2024 жылы жөнделетін болады.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Қарасаз ауылының Гагарин көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, округ бойынша 15 көшенің 14-і жарықтандырылды. Ақбастау ауылының Қойгелді көшесіне жоба сметалық құжаттамасы дайын, қаржы бөлінісімен орындалатын болады.

Ал, 2024 жылы Қарасаз ауылына спорт кешенін салу, Ақбастау ауылының Қойгелді көшесі мен Төле би көшесінің жарықтарын ауыстыру, округ бойынша аббаттандыру жұмыстары мен Бірлік көшесінің бойына жаяу жүргіншілерге арналған жол салу және Асарлату арқылы бастау алған тұрғын - үй құрылысын аяқтау жұмыстары жоспарланып отыр, - деді округ әкімі.

Жиын соңында аудан әкімі өңір тұрғындарының мәселелеріне қанығып, оның шешілу жолдарын бірлесіп талқыға салды.