КӨЛТОҒАН АУЫЛЫНЫҢ КІРЕ БЕРІСІНЕ КӨШЕ ЖАРЫҒЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!
⚜️ Көшелерді жарықтандыру - ауыз су, газ, жол және байланыс салалары секілді ауыл мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі болып есептеледі. Өңірдің келбетін айшықтайтын көше жарық шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады.
💡Осы орайда, Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылының кіре берісіне аялдамаға дейін электр бағаналары мен жарық шамдары орнатылып, жарықтандырылды.
💡 Сондай-ақ, демеушілер есебінен салынған арка мен стелаға жарық орнатылды.