Құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталып, желтоқсан айында аяқталған фельдшерлік-аккушерлік пункттің ашылу салтанаты 2023 жылы 21 желтоқсанда өтіп, ел игілігіне берілді. Аталған нысан 5 келушіге арналған. Билікөл ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ ауылының тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін арнайы жабдықтармен, тиісті құрал-саймандармен толық қамтылған. Бөлмелері кең, жылы, әрі жарық.
Ең бастысы ауырып, ем іздеп келген жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған.