Округ әкімінің Әбдіқадыр ауылының тұрғындарымен кезсесуі!

Округ әкімінің Әбдіқадыр ауылының тұрғындарымен кезсесуі!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, Билікөл ауылдық округінің әкімі Е.Камбарбековтың Әбдіқадыр ауылының тұрғындарымен есептік кездесу жиыны өтті.
✅Кездесуге Жуалы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айтбаев Руслан және ауыл тұрғындары қатысты.
✅ Ауылдық округ әкімі Е.Камбарбековтың баяндамасы тыңдалып, бірқатар мәселелер көтеріліп, тұрғындардың ұсыныстары бақылауға алынды.

Жиналыс қорытындысымен көтерілген сұрақтар толық қаралып, тұрғындар тарапынан ауылдық округ әкімінің есептік жиналысына қанағаттанарлық бағасы берілді