Ер есімі - ел есінде!
Бүгін қазақтың біртуар ұлы, Кеңес Одағының батыры, әскери қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының туылғанына 114 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай, Ақсай ауылдық округі және Мыңбұлақ ауылдық округі мекеме ұжымдары бірігіп, ұлы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ауыл ақсақалдары батыр атамыздың рухына құран бағыштап, атамыздың ерлігі туралы тарихтан сыр шертіп, соңынан жастарға ізгі тілектерін айтып, бата берді.
Жиын соңында ауыл ақсақалдарына кішігірім дастархан жайылып, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары батыр атамыздың өлеңдерін оқып, домбырамен күй тартты.