
Жамбыл облысы Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімдігінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша аппарат қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында жүргізілген талдау нәтижелері таныстырылып, анықталған тәуекелдер мен оларды болдырмау жолдары талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және қызметтік міндеттерді ашық әрі адал атқарудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметте ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және заңдылық қағидаттарын нығайту.