
Кездесулер барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер мен сый-сияпаттар табысталды. Ел дамуына елеулі үлес қосқан олардың еңбек жолы мен өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.
Соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек еткен жандардың ерлігі мен табандылығы – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Олардың жанқиярлық еңбегі мен елге сіңірген қызметі әрдайым құрметке лайық.