
📅 2026 жылғы 30 сәуір күні Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Шөлдала шағын ауданындағы №59 орта мектепте «Дорожник» және «Жиделі» тұрғын алаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бойынша қоғамдық талқылау өткізілді. Іс-шараға аудан тұрғындары, жауапты мекеме өкілдері және жобалаушылар қатысып, ұсынылған жобалар кеңінен таныстырылды. Тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар назарға алынып, алдағы уақытта жобаларды жетілдіру барысында ескерілетін болады.