Заңсыз дүңгіршектерге тосқауыл

Заңсыз дүңгіршектерге тосқауыл

Жібек жолы ауданында заңсыз орнатылған дүңгіршектер мәселесі күн тәртібіндегі өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған байланысты аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова сала мамандарымен бірге бірқатар нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты.
Аралау барысында кәсіпкерлік нысандардың орналасу заңдылығы, санитарлық талаптардың сақталуы және қала келбетіне әсері назарға алынды. Заң талаптарына сәйкес келмейтін дүңгіршектер бойынша тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Әкім әрбір нысанды мұқият қарап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. – Қала аумағындағы кез келген нысан заң аясында жұмыс істеуі тиіс. Бұл – ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен ауданның көркі үшін маңызды, – деді Қарлығаш Әмірқызы.
Аудан басшысының айтуынша, алдағы уақытта да мұндай рейдтік шаралар жалғасып, заңсыз орналастырылған нысандарды ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмек.