
Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова 3-округтегі Байтұрсынов пен Лугманов көшелерінде орналасқан ойын алаңшаларына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында нысандардың техникалық жағдайы, қауіпсіздігі мен тазалығы назарға алынды. Аудан әкімі сала мамандарына анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарды жіті қадағалауды тапсырды.