Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі

Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі
Жібек жолы ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде Ұлттық киім күніне арналған «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» атты мерекелік фестиваль өтті.
Шараның басты мақсаты – ұлттық киім мәдениетін дәріптеу, ата-бабадан қалған ою-өрнектер мен дәстүрлі киім үлгілерін насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды таныту. Қазақтың дәстүрлі билері мен әндерін орындалған шарада, ұлттық киім көрмесі, балалар мен қонақтарға арналған спорттық ойындар мен ойын-сауық шаралары алаб тұрғындарына паш етілді.
Жиында Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова сөз сөйліп, Ұлыстың ұлы күнімен барша жұртшылықты құттықтады.Сондай-ақ Ұлттық киім күнінің мән-мағынасына, мазмұнына кеңінен тоқталды.
Мерекелік кеш барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Асан Үсенбайұлы бастаған бір топ әділқазы алқасы фестивальге қатысушыларды бағалады. Олардың қатарында Валерий Чкалов атындағы орта мектебі, «Балдаурен» балабақшасы, «Болашақ бөбекжай» балабақшасы, «Сұлтан» балабақшасы, №34 орта мектеп, №27 орта мектеп ұжымының қатысушылары бар.
Үздік танылған ұжымға арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ шара барысында еңбегімен еленген, қоғам өміріне белсенділік танытқан және іс-шараларға белсенді қосқан азаматтарды аудан әкімі Қарлығаш Әмірқызы Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік кештің соңында көпшілікке Наурыз көже таратылып, ұйымдастырушылар тарапынан ауыз бекіткен жандарға ауызашар берілді. переведи на руский