*Қызметкерлер мемлекеттік ант қабылдады*

*Қызметкерлер мемлекеттік ант қабылдады*

Жібек жолы ауданында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің мемлекеттік ант қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында жас мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясын қатаң сақтауға, халыққа адал қызмет етуге және ел мүддесін қорғауға ант берді.
Рәсім барысында Жібек жолы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Диас Қыдыралиевич мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі жоғары, ел дамуына үлес қосатын маңызды сала екенін атап өтіп, қызметкерлерге адалдық, кәсібилік және халық сенімін ақтау жолында табыс тіледі.
Ант қабылдау – мемлекеттік қызметшілер үшін үлкен жауапкершілік пен сенімнің белгісі. Бұл рәсім олардың ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген міндетін айқындайды.