
💐8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жібек жолы ауданында еңбек және тыл ардагерлері – 100 жасқа толған және 90 жастан асқан 7 ардақты анамыздың үйлеріне арнайы барып құттықтау ұйымдастырылды.
🔸️Кездесу барысында ақ жаулықты аналарымызға гүл шоқтары мен тәтті себеттер табысталып, мерекелік лебіздер білдірілді.
Өз кезегінде ардақты аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.