Мерейлі мереке қарсаңында Жібек жолы ауданында ардақты аналарға құрмет көрсетілді.

Мерейлі мереке қарсаңында Жібек жолы ауданында ардақты аналарға құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 26 ақпандағы №1184 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарымыз «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Осыған орай, Жібек жолы ауданының әкімі Қ.Аралбекова ауданымыздағы: 13 анаға – «Алтын алқа», 39 анаға – «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыс етті.

Сонымен қатар, білім мен медицина, мәдениет пен спорт, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада адал еңбек етіп, туған жеріміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген 50 анаға сый-құрмет көрсетіп, арнайы құттықтау білдірілді.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, аналарымызға зор денсаулық тілейміз!