
Кездесуде алдымен №2 аумақтық округінің бас инспекторы Жарас Алтынбековтың тұрғындар алдындағы есебі тыңдалды.
Жібек жолы ауданы №2 аумақтық округінде, 6 756 жеке тұрғын үй, 25 672 тұрғын (Дорожник массиві қосылғаннан кейін +350 тұрғын), 308 көше, 9 бұрылыс, 34 әлеуметтік нысан жұмыс істейді
✅ 2025 жылы округте атқарылған жұмыстар:
Инфрақұрылым:
⮚237,0 млн тг – 34,6 шақырым жолға қиыршық тас төселді (17 саяжай, 3 шағын аудан, 100 көше);
⮚289,3 млн тг – Қызыл-Абад ш/а 4,8 км көше орташа жөндеуден өтті (жаяу жүргіншілер жолымен бірге);
⮚4 кіші футбол алаңшасы салынды;
⮚5 жаңа аялдама орнатылды.
Әлеуметтік нысандар:
⮚Құмшағалда 140 орындық Мәдениет үйі (381,6 млн тг) пайдалануға берілді;
⮚Шөлдалада 600 орындық жайлы мектеп ашылды;
⮚Береке массивінде жаңа амбулатория іске қосылды.
Инженерлік жүйелер:
⮚8,4 млрд тг – жаңа қосалқы станциялар құрылысы (Шөлдала, Құмшағал, Көлтоған);
⮚Қызыл-Абад, Жиделі ш/а ауыз су берілді;
⮚4 Tele2 антеннасы орнатылып, байланыс сапасы артты;
⮚ «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында Қызыл-Абадта 10 000 тал егілді.
📌 2026 жылға жоспарланған жобалар:
⮚Коммунальник массивіне кіші футбол алаңы;
⮚ Құмшағал ш/а балалар алаңы және шағын саябақ;
⮚ Шаңырақ алқабындағы 100 үйді электрмен қамту;
⮚12 жаңа аялдама орнату;
⮚Қызыл-Абадта 300 орындық мектеп құрылысы.
Кездесуде көтерілген мәселелер:
– «Казарма», «Химик», Кожевник, Локомотив, Химстроитель массивтерінде балалар ойын алаңдары қажет, бірақ қаржыландыру жоқ.
– «Дорожник» массивінде электр жарығы мен ауыз су мәселесі шешілмеген.
– 28 саяжай және бірнеше шағын аудандарда көшелерді жарықтандыру қажет.
– Шөлдаладағы иесіз канал су тасқыны қаупін тудыруда.
– 28 саяжайдағы орталық жолды жаңғырту жоспарланған.
– Құмшағал алқабында жаяу жүргінші көпірі қажет.
– «Шаңырақ» ш/а – дренаж жүйесін тазалау өзекті.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова олардың барлығы кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде шешімін табатынын жеткізді.