Түрксіб алабында ауыз су мәселесі қаралды

Түрксіб алабында ауыз су мәселесі қаралды

📍 Түрсіб алабында ауыз суға қатысты өзекті мәселелер зерделенді. Ауыз су мұнарасының қазіргі жай-күйі қаралып, алаптың ақсақалдары мен белсенді тұрғындарының қатысуымен кездесу өтті

🔹 Жиын барысында келесі мәселелер көтерілді:

1️⃣ Мектеп пен балабақшаға ауыз су желісін жүргізу

2️⃣ Тұрғындарды ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету

🔹 Өз кезегінде аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова көтерілген сұрақтарға заң аясында түсіндірме беріп, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.