
Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді, әлеуметтік қолдау, жол белгілерін орнату, көше жарығын жүргізу және жолдарды жөндеу секілді өзекті сұрақтарды көтерді.
Аудан әкімі әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, барлық мәселелер қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, көтерілген мәселелердің орындалуы қатаң бақылауда болатыны айтылды.