Шөлдала шағын ауданында 600 орындық мектеп ашылды

Шөлдала шағын ауданында 600 орындық мектеп ашылды

Бүгін Жібек жолы ауданына қарасты Шөлдала шағын ауданында 600 орындық №70 орта мектебі пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты.

Заманауи талаптарға сай салынған жаңа мектеп оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз етілген. Жаңа білім ордасы аудан тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан болып табылады.