
Бүгін Тараз арена спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдері мен мекемелері арасында дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды.
🏆 Спорттық іс-шара барысында қатысушылар футбол, волейбол, жүзу, секірмек, дартс, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту спорт түрлерінен бақ сынады.
💪 Жібек жолы ауданы әкімі аппаратының командасы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Волейбол – 1 орын
🥈 Арқан тарту – 2 орын
🥇 Секірмек – Тойбекова Дильдар
🥈 Гір тасын көтеру – Юнусов Ихтияр
🥈 Дартс – Өмірқұлова Алия
🥉 Жүзу – Ситалиева Назима
🥈 Қол күрес – Темірболатова Динара
🔹 Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жібек жолы ауданы әкімі аппараты 3 орынды иеленді.
👏 Аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова спортшыларды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік тіледі.