🔰 “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері құрметке бөленді

🔰 “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері құрметке бөленді

Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова бүгін көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, оларға мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 11 қарашадағы №1089 Жарлығына сәйкес:
✨ 15 ана — “Алтын алқа”,
✨ 30 ана — “Күміс алқа”
марапаттарымен наградталды.

Аудан басшысы аналардың елеулі еңбегін атап өтіп, ел демографиясын арттыруға қосқан үлестерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, әр отбасыға амандық, ырыс-ынтымақ және бақ-береке тілеп, аналарды қадірлеу – қоғамның басты құндылықтарының бірі екенін жеткізді.