Тәуелсіздіктің тұғыры – Республика күні!

Тәуелсіздіктің тұғыры – Республика күні!

Жібек жолы ауданының Ақбұлым алқабындағы мәдениет үйінде
«Жасай бер, Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өтті. 🎉

Іс-шара барысында еліміздің өркендеу жолындағы елеулі еңбектері мен ауданның дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар марапатталды.
Мерекелік шара барысында Ақбұлым мәдениет үйінің және аудан өнерпаздарының әсерлі әндері мен әсем билері көрермен көңілін көтерді. 🎶

Бұл күн – еліміздің егемендігін айқындаған, ел бірлігі мен рухын дәріптейтін ерекше мереке!
Тәуелсіздік – әр қазақтың жүрегіндегі асыл қазына.
Отанға деген махаббат пен елге деген құрмет ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз мәңгі биікте желбірей берсін!
Мереке құтты болсын!