«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» ӨМГ мекемесі нысандарды күзгі-қысқы маусымға дайындау мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта ГРС-3 толықтай ажыратылатын болады.
ГРС-3 арқылы газбен қамтамасыз етілетін тұтынушылар –Жалпақтөбе алабы, Солнечный алабы, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, «ЖГРЭС Т.И. Батуров атындағы» АҚ және «Априори-Тараз» ЖШС – 2025 жылғы 2 қыркүйек сағат 09:00-ден бастап 2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін газсыз қалады.
Абай болуларыңызды, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды және резервтік отын түріне көшуге дайындық жүргізулеріңізді сұраймыз.