№2 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

№2 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

🔷 Бүгін  «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Олжабаев №2 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті.

🔹Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы №2 аумақтық округінде 6756 жеке тұрғын үй бар. Көшелер саны - 296, бұрылыстар саны – 9.  Халқының саны жалпы 25672 тұрғынды құрайды.

2025 жылы арқарылып жатқан жұмыстар:

🔹100 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

🔹Ұзындығы 4,8 шақырым болатын 12 көше мен бұрылыстарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

🔹Шағын футбол алаңшаларының құрыс жұмыстары жүргізіліп, 3 аяқталды, 1 жүргізілуде.

🔹 «Құмшағал» шағын ауданынан 140 орынға арналған мәдениет үйінің жаңа құрылысы жүргізілуде.

🔹«Шөлдала» шағын ауданынан 600 орынды жайлы мектептің құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тарапынан жүргізілуде. Осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

🔹Шөлдала шағын ауданы, массив «Береке» Мерей көшесі №58  мекен-жайдан амбулатуралық емхананының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

🔹       Шаңырақ, Қызылабад, Жиделі, Көлтоған алқаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сорғы станциясымен су жүйесінің ақау актісіне сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

🔹Массив «Дорожник» елді мекенін электр жарығымен қамтамасыз ету.

🔹28 саяжай мен «Шөлдала», «Казарма», Құмшағал шағын аудандарындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары бойынша жұмыс жүргізу;

🔹«Қызыл абад» шағын ауданынан анықталған жер теліміне 300 орынды мектеп құрылысы бойынша ұсыныс беру;

🔹«Құмшағал» шағын ауданынан бастап «Шөлдала», Айша бибі көшесіне дейін жолын жаңғыртудан өткізу бойынша ұсыныс беру;

🔹«Құмшағал» шағын ауданы жаяу жүргіншілер көпірдің жобасы әзірленуде;