Меню
Страницы

Аудан кәсіпкерлері CHINAPLAS халықаралық көрмесіне шақырылады

Аудан кәсіпкерлері CHINAPLAS халықаралық көрмесіне шақырылады

Аудан кәсіпкерлері Қазақстандық делегация құрамында ағымдағы жылдың сәуір айында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін пластмасса және каучук саласындағы CHINAPLAS халықаралық көрмесіне қатысуға шақырылады.

Аталған көрме – пластмасса индустриясындағы инновациялық және экологиялық шешімдер, сондай-ақ бастапқы пластмассалар өндірісі мен оларды қайта өңдеудің заманауи технологиялары ұсынылатын әлемдегі ірі салалық алаңдардың бірі. Көрмеге әлемнің 40-тан астам елінен өкілдер қатысады.

Делегация қатысушыларына қойылатын талаптар:
— кәсіпорын басшылары, бизнес құрылтайшылары, директорлар, өндіріс және сатып алужөніндегі директорлардың орынбасарлары;
— қызмет саласы: пластиктен (бастапқы және қайталама), резеңкеден жасалған бұйымдарды, соның ішінде қаптама өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
— тіркеу жарнасы – әр делегат үшін 250 000 теңге.

Қатысушыларды іріктеуді көрме ұйымдастырушылары жүргізеді. Алғашқы тіркелген 20 қатысушыға 4 түнге қонақ үйде тұру шығындары өтеледі. Сонымен қатар, қонақүй мен көрме өтетін орын арасындағы трансфер ұйымдастырылады, түскі асқа арналған ваучерлер беру мүмкіндігі қарастырылуда.

Делегация құрамына қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейін қабылданады.

Тіркелу мәселелері бойынша байланыс телефоны: +7 777 770 78 75 (Каримханова Нәсіпгүл).

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты