Меню
Страницы

Халық қатысатын бюджет

Халық қатысатын бюджет

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім – жобаларды жүзеге асыру бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды

. 🔹Кез келген қала тұрғыны төмендегі жобалар бойынша өз ұсыныстарын Әулиеата және Жібек жолы аудандарының сайтында жарияланған ережеге сәйкес ұсына алады: - тротуарларды жайғастыру; - автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту; - бордюрлар мен қырларды ауыстыру және орналастыру; - тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру; - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату; - ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу; - жол кедергілерін орналастыру; - ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу; - контейнер алаңшаларын жөндеу және орнату; - аумақты көгалдандыру; - ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер); - ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу; - аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

🔹Әулиеата ауданы бойынша Жобалық ұсыныстар электрондық түрде Әкімдіктің электрондық https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata?lang=ru адресіне жіберіледі.

🔹Ал Жібек жолы ауданы бойынша ұсыныс-өтінімдер https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy?lang=ru адресіне жіберіледі

📌Жобалық ұсыныстар мынандай критерийлерге сай болуы тиіс: - бір өтінім – бір нысан; - жалпы пайдалану объектісі; - Тараз қаласы тұрғындары үшін өзекті болуы; - Мақсаты мен нәтижесінің келісілуі; - Бір бюджеттік жыл ішінде жүзеге асыру мүмкіндігі. - Жобалық ұсыныстың жүзеге асырылуы Әкімдік құзіретінің шеңберінде болуы керек.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты