
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер көлемі - 3,6 млн; елді мекен жайылым көлемі- 740,5 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және а/ш-нан өзге мақсатқа арналған жайылым жер көлемі – 37,9 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 1,0 мың га; орман жер қоры – 1,6 млн га; босалқы жерлер – 942,5 мың гектарды құрайды.
Жамбыл облысында мал басын бағуға болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы – 3,6 млн.гектар, елді мекендерде - 741,0 мың гектар, орман қоры жерінде 1,7 млн.гектар, босалқы жер қорында - 942,5 мың гектар жайылым жерлер бар. Бұл облыс аумағының 58,2 пайызына тиесілі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жер қатынастары басқармасы басқармасы басшысының м.а Айдар Тәжиков хабарлады.