Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының Жер есебі бөлімінің басшысы Б.Боранқұлова, осы бөлім маманы Б.Башанов Жамбыл ауданына іс-сапарымен келді.
Аталмыш жиынға Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұ.Асылбековтің қатысуымен ауылдық округ әкімдері мен мамандарына жоспарға сәйкес, жайылым жоспарын бекіту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын қорытындысы бойынша жұмыс жоспарлары бекітіліп, тиісті тапсырмалар ұсынылды.