Сенбілік өтті

Сенбілік өтті

Сенбіліктің қоғамның назарын, қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы ұйымдастыруымен 25 наурыз күні  сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Қаланың көркі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған  шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әр-бір ұжым бөлінген аумақтарда, Дулати көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік - тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.