Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні сағат 15:30да Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа дәріптеу мақсатында жәрмеңке өткізді. Аталған жәрмеңкеге Жер қатынастары басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Сәулет. Тұрғын үй  коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты. Жер қатынастары басқармасынан Жер қатынастарын реттеу бөлімінің бас маманы Серіков Ә. қатысты. Жәрмеңке Ауыл шаруашылығы басқармиасының әлеуметтік желісінде (https://www.instagram.com/ush.zhambyl/) тікелей эфирде өтті. Тікелей эфир барысында 23 адам қатысып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы сұрақтар қойылды. Әр саланың мамандары қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Қарапайым халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды форматта қол жетімді екендігі жайлы, қандай қызметтер көрсетілетіні туралы толық ақпарат берілді.