Жер мониторингін жүргізу

Жер мониторингін жүргізу

Жерді қашықтықтан зондтау тәсілі 2016 жылы Шу ауданында пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізіліп, 2018 жылы барлық аудандарда өндіріске енгізілді.

Жерді қашықтықтан зондтау тәсілі өткен жылы облыс аудандарында игерілмей 46,7 мың га егістік жер қалғанын көрсетті.

Басқарма аудан әкімдерінің және жер инспекциясының атына жосықсыз жер пайдаланушылардың тізілімін қалыптастыра отырып және салық ставкасын 10 есеге дейін арттыру, 46,7 мың га игермеген жер пайдаланушылардың тізімін жасай отырып, жерді мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдау туралы хаттар жолдады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерінің 94711 га мемлекеттік меншікке қайтарылды. Оның ішінде 10030 га егістік жер 84681 га жайылымдық жер.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу басты назарда. Бүгінгі күні айналымға енгізілген жерлердің ауданы 146,4 мың га құрайды, оның ішінде егістік-4,8 мың га.

Ағымдағы жылы космомониторинг арқылы 35 мың гектар егістік игерілмей қалғаны анықталды. Басқарма аудан әкімдеріне және жер инспекциясына салық мөлшерлемесін 10 есеге дейін арттыру және жосықсыз жер пайдаланушылардың тізілімін қалыптастыра отырып, жерді мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдау туралы хат жолдады.