ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ БОЙЫНША 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ БОЙЫНША 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

Бұл туралы бүгін ӨКҚ-ң алаңында Жамбыл облысы әкімдігі Жер қатынастары басқармасының басқармасының басшысы Б.Көпбосынов баяндап берді.

2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жер қоры 14427,5 мың гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер - 4612,5 мың гектар; елді мекендердің жерлері – 468,7 мың гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 174,7 мың гектар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың гектар; орман қорының жерлері – 4429,0 мың гектарды; су қорының жерлері – 356,2 мың гектар. Босалқы жерлер - 1885,5 мың гектар; басқа мемлекет пайдаланып жатқан жер көлемі – 2492,6 мың гектарды алып жатыр.
2019 жылға облыс аудандарында 35,5 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғанын көрсетті.