Жер қатынастары басқармасының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Жер қатынастары басқармасының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Жамбыл облысы бойынша Жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Утепов азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар жер қатынастары саласына қатысты мәселелерін көтеріп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, әрбір өтініш бойынша мәселелерді шешу жолдары түсіндіріліп, заңнама аясында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.